ТҮРКІСТАН: "Би ырғағында" атты байқау өтті

0
779

Дүниетанымын айшықтайтын өнер ретінде әлі де өркендеп келеді.


ТҮРКІСТАН:

Ордабасы ауданында жас бишілер байқауы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Ордабасы ауданында "Би ырғағында" атты жас бишілер байқауы өтті. Байқауға екі жеке биші және 10 би тобы қатысып, шартқа сәйкес, екі кезеңде өнерін ұсынды.

Қазылар алқасы белсенділік танытқан әр қатысушыға алғыстарын жеткізе отырып, жүзден жүйрік шыққан жүлдегерлерді марапаттап құттықтады.

Жалпы қазақтың халықтық би өнері - ерте заманнан қалыптасқан, халқымыздың аса бай ауыз әдебиетімен, ән-күйлерімен, дәстүрлі тұрмыс салтымен біте қайнасқан ел мұрасы.

Халықтың көркемдік ойының бір көрінісі ретіндегі би өнері өзінің эстетикалық болмысында қазақ жұртының жалпы дүниетанымына сай арман-мұраттарын бейнелейтін қимылдар жүйесін қалыптастырған. Қазақ халқы ежелгі би өнерінің дәстүрі мен өрнегін сақтап, өзінің рухани қазынасымен ұштастыра отырып, ғасырлар бойы дамытқан. Қазақ биі халықтың тіршілік-тынысын, адамның табиғатқа көзқарасын, дүниетанымын айшықтайтын өнер ретінде әлі де өркендеп келеді.