ТҮРКІСТАН: Биіктігі 30 метрлік тұғырға мемлекеттік ту тігілді

0
1 602

Тарих таңбаланған тақта тас та орнатылған.


ТҮРКІСТАН: Биіктігі 30 метрлік тұғырға мемлекеттік ту тігілді

Ордабасы ауданында биіктігі 30 метр тұғырға мемлекетік ту тігілді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Ордабасы ауданындағы «Қарауыл төбе» биігінде «ҚР Тұңғыш Президенті күні» мерекесі қарсаңында биіктігі 30 метрді құрайтын тұғырға мемлекеттік ту тігілді. Салтанатты шараға аудан әкімі Нұрбол Тұрашбеков арнайы қатысып, мемлекеттік рәмізге алғашқылардың бірі болып құрмет көрсетті.

«Тәуелсіздігіміздің негізгі нышаны - мемлекеттік туымыздың дәл осы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің бойында желбіреуі заңдылық деп білемін. Өйткені, жолайрықтағы бұл тарихи төбе – Ордабасы ауданының өсіп-өркендеуінің куәсі ғана емес, тамыры тереңде жатқан көне жәдігер. Тарихты зерделеу, оны насихаттау ұрпақтар сабақтастығын нығайтатын бірден бір фактор», – деді аудан әкімі.

Атап өтсек, ту тігілген тұғырдың биіктігі 30 метрді құрайды екен. Сонымен қатар, қайта жаңғыртылып, көркейген төбеде аудан тарихы таңбаланған тақта тас та орнатылған. Айта кетейік, тарихшылардың сөзіне сүйенсек, бұл "Қарауыл төбе" Сақ дәуірінен хабар беретін көне жәдігер.