ТҮРКІСТАН: Бірнеше ауыл әкімдігінің ғимараты жөндеуден өтті

0
1 355

Жылдамдығы жоғары, оптика талшықты интернет желісі қосылып, мамандарға кедергісіз жұмыс жасауға жағдай жасалуда.


ТҮРКІСТАН: Бірнеше ауыл әкімдігінің ғимараты жөндеуден өтті

Келес ауданындағы ауылдық округтердің әкімдікдері жөндеуден өтеді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев жыл басындағы жиындардың бірінде: «Аудан аумағындағы ауылдық әкімдіктердің аппараты жаңартылып, онда істейтін мамандарға жағдай жасауымыз керек. Себебі халықпен тікелей жұмыс жасайтын сол ауылдық округтерінің мамандары» - деп айтқан еді.

Осы тапсырмаға сәйкес, бүгінгі таңда бірқатар ауылдық округтеріндегі әкімшіліктер жөндеуден өтіп, ауыл әкімі ғимараттарының бірінші қабатындағы сылақ түсіріліп, бөлменің қабырғалары әйнектен жасалып, келген тұрғындарды тікелей әкімнің өзі қабылдауға жағдай жасалып жатыр.

Осыған дейін, Жүзімдік, Бірлесу, Қошқарата, Бозай, Біртілек және Ақтөбе ауылдық округтерінің әкімі аппараты жөндеуден өтіп үлгерген. Сол тізімге бүгінде Ұшқын ауылдық округі әкімі аппараты да еніп, ғимарат жөндеуден өтті. Аталған ғимараттың жайымен Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев танысып, өзінің оң бағасын берді. Сонымен қатар, ауылдық округтерінің әкімі аппараттарына жылдамдығы жоғары, оптика талшықты интернет желісі қосылып, мамандарға кедергісіз жұмыс жасауға жағдай жасалуда.