ТҮРКІСТАН: Бірнеше ауылдағы ағынсу мәселесі шешімін тапты

0
687

Біраз уақыттан бері тұрғындарға қиыншылық тудырып келген.


ТҮРКІСТАН: Бірнеше ауылдағы ағынсу мәселесі шешімін тапты

Отырар ауданындағы бірнеше ауылдың ағынсу мәселесі шешілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Отырар ауданы әкімінің орынбасары Р.Әліш және де ауыл шаруаларының қатысуымен Қоғам, Қарғалы ауылдық округтерінде Сырдария өзенінің кері тепкісінен «Д.Алтынбеков» каналына қосымша су беретін «Қызыл – Ту» насос станциясына 4–дана СНП – 500 электрлі насостары орналастырылып, іске қосылды. Бұл шараның негізгі мақсаты соңғы кездері орын алып отырған ағын су тапшылығын шешуге бағытталған.


Біраз уақыттан бері жоғарыда аталған елдімекендерде ағын су мәселесі көтеріліп диханшылық және мал асыраумен айналысып отырған тұрғындарға қиыншылық тудырып келген еді.


«Қазсушар» РМК Отырар ауданы бойынша өндірістік бөлімшесі арқылы арнайы техника жеткізіліn каналдардың ұйық–шөгінді басқан бөліктері механикалық тазалаудан өткізілді.