ТҮРКІСТАН: Биыл 102 мыңнан астам тұрғын табиғи газбен қамтылады

0
2 806

51 елді мекеннің 79,7% табиғи газбен қамту жоспарлануда.


ТҮРКІСТАН: Биыл 102 мыңнан астам тұрғын табиғи газбен қамтылады

Қазығұрт ауданында биыл 102 мыңнан астам тұрғын табиғи газға қол жеткізеді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Қазығұрт ауданында ағымдағы жылы 2 табиғи газ нысанының 4 елді мекенде құрылыс жұмыстарын жүргізуге 388 млн. теңге бөлінген. Негізінен 2020 жылы басталған нысан құрылысы биыл аяқталады. Нәтижесінде, 51 елді мекеннің 79,7% табиғи газбен қамту жоспарлануда. Тиісінше ол ауданның 102 235 тұрғыны немесе 95,4 пайызы.

Сонымен қатар, тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету деңгейі былтыр 92,2 пайызды құраған. Ал, биылғы жылда 1 елді мекен (Тесіктөбе) ауыз сумен қамтылмақ. Сондай-ақ, аудандық бюджет есебінен 6 елді мекеннің су құбырлары ағымдағы жөндеуден өтеді. Жалпы, аудан бойынша 60 елді мекен ауыз сумен қамтылып, 93,7 пайызды құрайды деп күтілуде. Аудан халқының толықтай 100% таза ауыз сумен қамтылуы 2023 жылға жоспарланған.