ТҮРКІСТАН: Биыл 510 мыңнан астам бала білім алады

0
646

1-сыныпқа 54 570 оқушы қабылданады.


ТҮРКІСТАН: Биыл 510 мыңнан астам бала білім алады

Түркістан облысының әкімі жаңа оқу жылына дайындық барысын пысықтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Биыл Түркістан облысындағы 961 мектепте 510 мыңнан астам бала білім алады. Ал, 1-сыныпқа 54 570 оқушы қабылданады. Бұл еліміздегі ең үлкен көрсеткіш. Жаңа оқу жылына қарсы 5 жаңа мектеп пайдалануға беріледі. Жыл соңына дейін тағы 16 мектептің құрылысы аяқталады. Өңірде жекеменшік мектептер саны 56 –ға жетті. Облыс бойынша үш жылда 200 мектеп салу жоспарланған. Облыс бюджеті мен «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында 32 мектепті күрделі жөндеуден өткізу үшін 4 012,7 млн.теңге қаралды.


Жаңа оқу жылына дайындық барысы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен апталық аппарат отырысында баяндалды. Облыс әкімі білім саласына қатысты мәселелердің басты назарда екенін ескертті. Балалардың сапалы білім алуы үшін барлық жағдайдың жасалуы - әкімнің жіті бақылауында.


Әлеуметтік осал топтағы отбасы балаларын мектеп формасымен және мектеп құралдарымен қамтамасыз ету үшін облыстық бюджеттен 1, 9 млн. теңге қаржы бөлінді. Қаржы 52 мыңнан астам баланың ата-аналардың есепшоттарына аударылады. Әр балаға 35 275 теңге белгіленді. Бұдан бөлек, «Мектепке жол» республикалық акциясы 568 балаға жалпы 12,5 млн.тг демеушілер тарапынан материалдық көмек берілген. Шара қыркүйек айының аяғына дейін жалғасады.


Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлының мәлімдеуінше, орта білім беру ұйымдарының білім сапасын арттыру мақсатында толыққанды оқу процесіне қажетті барлық функциялардың жиынтығы бар бірыңғай интеграцияланған «Bilim Land» білім беру онлайн платформасымен «Әлеуетті мемлекеттік жекешелік әріптестікті іске асыру мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы Меморандум» түзілді. Меморандум аясында облыстағы орта білім беру ұйымдары «BilimLand» білім беру платформасына 100% тегін қосылып, барлық білім беру ресурстары енгізілуде.


Пән кабинетін жабдықтауға күш салынды. 57 сынып физика, химия, биология, STEAM 6 білім беру жүйесі енгізіліп, жасақталады. 2022-2023 оқу жылына қажетті оқулықтар сатып алуға облыстық бюджеттен 5 млрд.теңгеден астам қаржы бөлінген. Оның ішінде 378 млн.теңгеге көркем әдебиет сатып алу жоспарланған.


Сонымен қатар мектеп кітапханаларының базасын есепке алу, мектептер арасындағы кітап алмасу, электронды түрде сұраныс беру жүйесі бойынша «Е-Кітапхана» платформасы енгізілді.


Өңірдегі 52 техникалық және кәсіптік орта білім ошақтарындағы 26 мыңға жуық студент білім алады. Колледждер желісін бейіндендіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алдағы уақытта «Kasipkor» жобасы аясында құрылыс және IT салалары бойынша 2 (екі) колледжі ашу, колледждердің қаржылық дербестігін қамтамасыз ету

мақсатында кезең-кезеңімен мемлекеттік колледждердің ұйымдық-құқықтық нысанын ауыстыру және «Жас маман» жобасын іске асыратын 9 колледж базасында құзыреттілік орталықтары мен WorldSkills халықаралық стандарттарына сәйкес жаттығу лагерьлерін ашу жоспарланып отыр. Облыстағы 28 колледж 314 кәсіпорынмен бірлесе 5122 студентті дуальды оқытумен қамтуда.


Түркістан облысында орналасқан 1400-ден астам мектепке дейінгі ұйымдарының мемлекеттік тапсырыс беруі «Balabagsha.snation.kz» жүйесіне тіркелу арқылы іске асырылуда. 1-6 жастағы 155 мыңнан астам бала балабақшаға барады. 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту көрсеткіші көрсеткіші 98,9 % құрайды.