ТҮРКІСТАН: Биыл 6 мыңға жуық төлебилік жеңілдетілген несие алған

0
835

«Ауыл аманаты» жобасы аясында жұмысшы топ құрылып, халықтың жұмыспен қамтылу деңгейін арттыруда.


ТҮРКІСТАН: Биыл 6 мыңға жуық төлебилік жеңілдетілген несие алған

Төлеби ауданында биыл 6 мыңға жуық азаматқа жеңілдетілген несие берілген, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Төлеби ауданының халқының негізгі күн көрісі – мал және егін шаруашылығы. Бұл бағытта ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге мемлекет тарапынан қолдау көп. Ауданда кіші және орта бизнесті дамыту үшін 2023 жылдың басынан 5 650 азаматқа 3 млрд 970 млн теңге жеңілдетілген несие берілген. Оның ішінде ««Оңтүстік» АИО» ЖШС және «Ырыс» МКҰ арқылы 99 млн теңгеге 14 жоба қаржыландырылған.


Сонымен қатар, «Ауыл аманаты» жобасы аясында жұмысшы топ құрылып, халықтың жұмыспен қамтылу деңгейін арттыруда. Мәселен, Киелітас, Көксәйек, Бірінші Мамыр, Қаратөбе ауылдық округтерінде 24 азамат аталған жобаның игілігін көрді.


Бұған қоса, 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде өз бизнесін бастағандарға 400 АЕК немесе 1 млн 380 мың теңге шеңберінде қайтарымсыз гранттар бөлінді. Аудан тұрғындары арасында қайтарымсыз грант алып, кәсібін дөңгелетіп отырғандар саны артып келеді. 2022-2023 жылдар аралығында ұлттық жоба шеңберінде жаңа кәсіптерді іске асыру үшін 218 грант берілген.