ТҮРКІСТАН: «Бизнеске жол» жобасы аясында 1060 кәсіпкердің құқығы қорғалды

0
865

Бағдарламаны жүзеге асыруға биыл облыс шаруалары үшін бюджеттен 20 млрд. теңгеге жуық қаражат бөлінді.


ТҮРКІСТАН: «Бизнеске жол» жобасы аясында 1060 кәсіпкердің құқығы қорғалды

Түркістан облысында «Бизнеске жол» жобасы аясында 1060 кәсіпкердің құқығы қорғалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев өз Жолдауында ең алдымен елдің экономикалық жағдайын жақсартып, халықтың әл-ауқатын көтеру керектігін атап өткен болатын. Бұған ерекше назар аударған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі тұрғындардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін талаптарды күшейтті. Осы ретте әр аймақтың ерекшелігі ескеріліп, «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдер» Картасы әзірленді.


Осы орайда, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Дәулет Нарымбетов Президент реформасының өз нәтижесін беріп отырғанын атап өтті.


Оның мәлімдеуінше, Тәуекелдер картасында процестердің ашық болмауына, әкімшілік кедергілердің болуына, заңнаманың жетілмегендігіне байланысты шешімін таппай жүрген көкейкесті мәселелердің тізбесі айқындалды. Дәл қазіргі сәтте біздің жұмыстың негізгі бағыты да - осы тәуекелдер картасы. Біздің аймақ бойынша Картаға енгізілген салалар мен тәуекелдер қатарында білім беру, медицина, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары, әлеуметтік қолдау, құрылыс және инфрақұрылым, сондай-ақ, тұрғын үй салалары бар. Білім беру саласында жүргізілген сыртқы талдау нәтижесімен жалған дипломдарды пайдалану, сотталған педагогтарды жұмысқа орналастыру, сапасыз оқулықтарды сатып алу, жұмысқа негізсіз қабылдау, бақылаушы органдарды біржақты тексеру, біліктілік санаттарын заңсыз беру сияқты фактілер анықталды.


Сонымен қатар, кезекте тұрған азаматтарға кезектен тыс тұрғын үй беру фактілері, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, көпбалалы отбасыларды тұрғын үй кезегінен себепсіз шығару деректері анықталды. Осы салада сыртқы талдау жұмыстары жүргізіліп жатыр.


Одан бөлек, ауыл шаруашылығы саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ауқымды талдау жұмыстары жүргізілген. Осы ретте субсидиялау саласына қатысты бірқатар заңбұзушылықтар әшкереленді.


Талдау көрсеткендей, субсидияны жымқыру үшін жылдан-жылға бірдей схемалар қолданылып келген. Өңірде ауыл шаруашылығына қатысы жоқ тұлғаларға субсидия бөлу, шығынды кәсіпорындарды инвестициялау және тағы басқа кемшіліктер анықталған. Ал жер қатынастары саласында мемлекеттік мұқтаж үшін жерлерді негізсіз сатып алу, бағасын қолдан көтеру, жерлерді негізсіз беру бойынша талдау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, сумен жабдықтау жүйелерін қайта құру жобасына бөлінген қаржыны жымқыру және сапасыз жұмыс атқару тәуекелінің алдын алу шарасы жүргізілді.


Департаменттің превенция басқармасының басшысы Ержан Жүнісов кәсіпкерлерді қорғау бойынша іске қосылған «Бизнеске жол» жобасының тиімді тұстарын тарқата айтты.


«Бизнеске жол» жобасы аясында енді кәсіпкерлер түрлі әкімшілік кедергілерге ұшырамайды және құжат рәсімдеу кезінде әуре-сарсаңға түспейді. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілер қабылдайтын шешімдердің мерзімдері мен ашықтығы сақталады. Аталған жобаны Түркістан облысында жүзеге асыру барысында түрлі әкімшілік кедергілер мен құжаттарды ресімдеу кезінде әуре-сарсаңға түскен 1060 кәсіпкердің құқығы қорғалды. Жұмыс күндері әрбір кәсіпкердің мәселелері жеке тыңдалып, шешу жолдары қарастырылады. Әр дүйсенбі күні Түркістан облыстық кәсіпкерлер палатасында кәсіпкерлер үшін жеке қабылдау өткізіледі», - деді Ержан Әліұлы.


Бизнес өкілдеріне, кәсіпкерлерге жерді ресімдеу, сәулет және басқа да бақылаушы органдардан рұқсат алу, коммуникацияларды қосу, сондай-ақ мемлекеттік қолдауды, яғни несиелер, гранттар мен субсидиялар алу кезінде кедергілер кездесіп жатса, 1424