ТҮРКІСТАН: "Бизнестің жол картасы 2025" бағдарламасымен 300-ден астам жоба қаржыландырылған

0
941

Түркістан облысы бұл көрсеткіш бойынша көш бастап тұр.


ТҮРКІСТАН:

Түркістан облысында жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 1,4%-ға өсіп, 142 682 бірлікті құрады, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Қарапайым заттар экономикасы» жеңілдетілген несиелендіру бағдарламасы Түркістандық кәсіпкерлерге үлкен көмегін тигізіп отыр. Антикризистік шара ретінде қолға алынған бағдарлама арқылы биыл 262 жоба қаржыландырылған. Өткен жылмен салыстырғанда қаржыландырылған жобалар саны 2,7 есеге артып, Түркістан облысы бұл көрсеткіш бойынша көш бастап тұр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Нұрбақыт Иманқұлов мәлімдеді.

Сонымен қатар, кәсіпкерлердің өндірістік қуатын сақтау және тұрақтандыруға бағытталған «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасының бюджеті ағымдағы жылда 38%-ға артып, 3,3 млрд. теңгені құраған. Бағдарлама аясында 400-ге жуық кәсіпорынға қолдау көрсету жоспарланған болса, бүгінгі таңда 304 жоба қаржыландырылған. Өңір бойынша жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 1,4%-ға өсіп, 142 682 бірлікті құрады. Орын алған экономикалық өзгеріс жағдайына қарамастан, шағын және орта бизнеспен өндірілген өнім көлемі 10,9%-ға ұлғайған.