ТҮРКІСТАН: Бүгін Арыс тұрғындары 100 мың теңгелік жәрдемақыны ала бастады

0
1 333

Қорға жиналған 5,8 млрд. қалай жиналғаны белгілі болды.


ТҮРКІСТАН: Бүгін Арыс тұрғындары 100 мың теңгелік жәрдемақыны ала бастады

Бүгіннен бастап арыстықтар мемлекет тарапынан және қор арқылы жиналған қаражатты жәрдемақы түрінде ала бастады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгіннен бастап Арыс қаласының 58 мың тұрғыны өздеріне тиесілі 100 000 теңгелік жәрдемақыны Халық банкінің банкоматы арқылы алып жатыр.

Қазіргі таңда Арыс қаласындағы Орталық стадион жанындағы спорт мектебінде 8 банкомат орнатылған және қаланың әр жерінде 10 банкомат бар.


Айта кетейік, қорға жиналған 5,8 млрд. теңгенің 1,8 млрд. теңгесін қазақстандықтар өз күштерімен жинаған болатын. Одан бөлек, 1 млрд. теңге Түркістан облысы әкімдігінің бюджетінен және 3 млрд. теңге қаражат республикалық бюджеттен бөлінген.