ТҮРКІСТАН: Бұқаралық спортты дамытуға басымдық беріледі

0
2 024

Спорт инфрақұрылымымен қамтамасыз етілу деңгейін 35 %-ға жеткізуді көздеп отыр.


ТҮРКІСТАН: Бұқаралық спортты дамытуға басымдық беріледі

Түркістан облысында мәслихатқа үміткерлердің үгіт-насихат жұмыстары жанданып келеді.

«Nur Otan» партиясы атынан Түркістан облысы Шардара аудандық мәслихатына үміткерлер партияның сайлауалды бағдарламасын насихаттау мақсатында аудан тұрғындарымен түрлі форматта кездесулер өткізуде. Тиісінше кандидаттар партияның сайлауалды бағдарламасы мен партияның жетістіктері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тұрғындарды сайлау күні «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

Сонымен қатар, кездесулер барысында Шардара ауданындағы бұқаралық спортты дамыту мәселесі кеңінен талқыланды. Бастауыш партия алдағы бес жылға арналған жоспарын ұлт денсаулығын нығайту, халықты бұқаралық спортпен айналысуға бағыттайтын болады. Осы орайда, «Nur Otan» партиясы 2025 жылы аталған аудан халықының спорт инфрақұрылымымен қамтамасыз етілу деңгейін 35 %-ға жеткізуді көздеп отыр.

«Бұл үшін «Nur Otan» партиясы:

- 5000 тұрғыны бар ауылдық округтерден спорт кешенін салуға;

- барлық ауылдық округтен кіші футбол мен workout алаңшаларын салуға;

- жасөспірімдер мен балалар спорт мектептерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға;

- ұлттық спортты дамытуға ықпал етеді», - дейді «Nur Otan» партиясының мүшелері.

«Nur Otan» партиясы Шардара аудандық филиалының баспасөз қызметі

«Nur Otan» партиясы Түркістан облысы Шардара ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді