ТҮРКІСТАН: "Е-Өтініш" ақпараттық жүйесі сәтті жүзеге асырылуда

0
3 349

Жүйе арқылы мемлекеттік органдардың жауабына міндетті түрде жүйелі талдау жүргізіледі.


ТҮРКІСТАН:

Түркістан облысында "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасы аясында жүзеге асырылып жатқан жоба – "Е-Өтініш" ақпараттық жүйесі сәтті жүзеге асырылуда, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған жоба – жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдар қызметіне жүгінуін жеңілдетеді. Өтініштерге қатысты процестерді цифрландыруды қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе төмендегідей жұмыс жасайды:

- мемлекеттік органдардың құзыретіне қарай өтініштерді автоматты түрде бөлуге;

- мемлекеттік органдар арасында сауалдар санын оңтайландыру есебінен өтініштерді қарау мерзімін қысқартуға;

- өтініштерді қарауда барлық саты мен мерзім бойынша өтініш берушіні ақпараттандыруға;

- мемлекеттік органдарға түскен өтініштердің бәрінің бірыңғай базасын құруға мүмкіндік береді.

Сонымен бірге, «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі өтініш берушімен кері байланыс жасап, мемлекеттік органдардың жұмысына баға беруге жол ашатын бірегей жүйе. Жүйе арқылы мемлекеттік органдардың жауабына міндетті түрде жүйелі талдау жүргізіледі. Және жұмысты жауапсыз қалдыру ісінің алдын алып, өтініштерді қараудың бірыңғай тәжірибесін жолға қояды.