ТҮРКІСТАН: Екі мың отбасыға әлеуметтік көмек көрсетілді

0
522

"Халық" қайырымдылық қорының екінші акциясы.


ТҮРКІСТАН: Екі мың отбасыға әлеуметтік көмек көрсетілді

Түркістан облысында маусым айында екі мың отбасыға қолдау көрсетілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Пандемия жағдайында халықтың әлеуметтік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеті. Әлеуметтік қорғаудың белгілі бір деңгейіне кепілдік беру, әлеуметтік және еңбек белсенділігінің көрінісі, мемлекет пен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру өзекті болып отыр. Президент мемлекеттің, қоғам мен жеке тұлғаның күш-жігерін біріктіру әлеуметтік жауапкершілік пен әлеуметтік әріптестіктің жүйелі сипатын нығайтуға ықпал ететінін және стратегиялық бағдарламалар мен жобаларды іске асыруда, Сovid-19 пандемиясы жағдайында өзекті міндеттер мен проблемаларды уақтылы шешуде үлкен рөл атқаратынын ерекше атап өтті.


Мемлекет басшысын қолдау мақсатында ағымдағы жылдың 17 наурызында "Халық" қайырымдылық қоры "Ел тірегі – Елбасы" акциясын іске қосты, оның шеңберінде құрамында мүгедек балалары бар аз қамтылған отбасыларға азық-түлік жиынтықтарын беру көзделген. Жиынтыққа ең қажеттісі: ұн, макарон, өсімдік майы, бұқтырылған ет, күріш, шай және тәттілер – әр отбасы үшін 50 кг азық-түлік кірді. Бұның алдында, наурыз айында "Халық" қайырымдылық қоры төтенше жағдай режимі мен карантиндік шаралар салдарынан қаржылық қиын жағдайға тап болған Түркістан облысының 2000-ы аз қамтылған және көп балалы отбасыларға азық-түлік жиынтығын берген еді.


"Халық" қайырымдылық қорының екінші акциясы маусым айында ұйымдастырылып, әлеуметтік қорғау органдары Түркістан облысының атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарынан мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған 2000 отбасыға азық-түлік себеттерін таратты. Осы ретте, елі азаматтары мен бизнес-құрылымдарды шараға қосылуға және "Ел тірегі – Елбасы" ауқымды қайырымдылық акциясын қолдауға шақырамыз.


"Ел тірегі – Елбасы" акциясы біздің отандастарымыздың бірлігі мен мейірімділігінің нағыз үлгісіне айналды. Акцияға кәсіпкерлер, компаниялар мен жанашыр қазақстандықтар көптеп қосылуда. "Халық" қайырымдылық қорының бастамасын еліміздің еріктілер қозғалысы қолдады. Олар азық-түлік жиынтығын белгіленген жерге жеткізуге көмектесіп жатыр.