ТҮРКІСТАН: Елбасы «Яссы» ботаникалық бағына барды

0
829

Бұл жерге мыңға жуық ағаш егілген.


ТҮРКІСТАН: Елбасы «Яссы» ботаникалық бағына барды

Нұрсұлтан Назарбаев Түркістандығы «Яссы» ботаникалық бағына барды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Іссапармен Түркістанға келген Тұңғыш Президенттің назарына ботаникалық бақтың даму жоспары ұсынылды. Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаевқа «Күлтөбе қалашығы» археологиялық саябағын құру жобасын жүзеге асыру туралы баяндалды.

Айта кетсек, «Яссы» ботаникалық бағының жалпы ауданы 7,7 гектар. Бақтың орталық бөлігі раушан гүлдерден және аршадан жасалған ислам ою-өрнектері бейнесіндегі үлкен лабиринтпен безендірілген. Саябақ ішінде раушан гүлдерден ислам паттерндеріне ұқсас гүлзарлар бар.

Бұл жерге мыңға жуық ағаш егілген, оның 800-ден астамы шие, алма, талшын, долана, қызғалдақ ағашы сынды гүлдейтін сәнді өсімдіктер.