ТҮРКІСТАН: Елді мекендерді сапалы ресурстармен қамту жұмыстары қарқынды

0
172

807 елді мекеннің 737 елді мекені ауыз сумен қамтамасыз етілген


ТҮРКІСТАН: Елді мекендерді сапалы ресурстармен қамту жұмыстары қарқынды

Түркістан облысының елді мекендерін ауыз сумен, сапалы электрмен қамту жұмыстары қарқынды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысындағы ауылдар мен елді мекендерді сапалы инфрақұрылыммен қамту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Өңір басшысы Дархан Сатыбалды бұл мәселелерді тұрақты бақылауына алған.


2024 жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша 807 елді мекеннің 737 елді мекені (7 қала, 730 ауылдық елді мекен) немесе 91,3% ауыз сумен қамтамасыз етілген. Бүгінгі таңда 70 елді мекен ауыз сумен қамтамасыз етілмеген. Облыс аумағындағы елді мекендерді 100 % ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында «Түркістан облысы бойынша ауыз сумен қамтамасыз етудің 2023-2025 жылдарға арналған іс-шара жоспары» бекітілді. Жоспарға сәйкес, 41 елді мекенге құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп, халық саны 200-ден аз шалғай орналасқан 29 елді мекенде кешенді блок-модуль орнатылады.


Биыл ауыз сумен қамтамасыз ету саласы бойынша жалпы 129 нысанның құрылысына бюджеттен тиісті қаржы қаралды. Оның ішінде, осы жылы 65 нысан аяқталады деп жоспарланса, 64 нысан келесі жылға өтпелі.


2024 жылдың қорытындысымен 29 елді мекен жаңадан ауыз сумен қамту көзделіп отыр. Нәтижесінде, 807 елді мекеннің 766 елді мекені (7 қала, 759 ауылдық елді мекен) немесе 94,9 % ауыз сумен қамтамасыз етілмек.


Түркістан облысын сапалы электрмен жабдықтау мақсатында ірі жобалар қолға алынды. Атап айтқанда, облыста қуаты 1000 МВт бу-газ қондырғысын салу жобасы іске асуда. Жоба құрылысы 2026 жылы аяқталады деп жоспарланған. Одан бөлек, 2023-2025 жылдары жалпы қуаты 90 МВт 4 күн электр станциясы мен қуаты 11,5 МВт 5 шағын гидроэлектростанция салу жоспарланған. Оның ішінде, өткен жылы Отырар ауданы аумағында 50 МВт күн электр станциясының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.


Тұрғындарды сапалы инфрақұрылыммен қамту жұмыстары жалғасады.

Бөлісу