Түркістан: Елордадағы жәрмеңкеге 83 тонна өнім жіберілді

0
573

Жеңілдетілген бағада сатылады.


Түркістан: Елордадағы жәрмеңкеге 83 тонна өнім жіберілді

Нұр-Сұлтан қаласындағы ауыл шаруашылық өнімдері жәрмеңкесіне Ордабасыдан 83 тонна өнім ұсынылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


21-22 тамыз күндері Нұр-Сұлтан қаласында Түркістан облысының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. Осыған орай Ордабасы ауданынан 83 тонна ауыл шаруашылық өнімдері тиелген 5 жүк көлігі Елордаға жолға шықты.


Осы демалыс күні елордалықтар 55 тонна көкөніс, бақша өнімдері (қызанақ, қияр, қауын, қарбыз, жүзім, болгар бұрышы, баялы, картоп, сәбіз, асқабақ, пияз) 25 тонна үндік еті мен үндік етінің өнімдері және 3 тонна жылқы және қой етін жеңілдетілген бағада сатып ала алады.