ТҮРКІСТАН: Ерекше білімді қажет ететін балаларды әлеуметтендіру мәселелері талқыланды

0
554

Сапалы білім мен саналы тәрбие беру, әлеуметтендіру маңыздылығы талқыланды.


ТҮРКІСТАН: Ерекше білімді қажет ететін балаларды әлеуметтендіру мәселелері талқыланды

Түркістанда «Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды әлеуметтендіру үдерісі» тақырыбымен семинар өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығы мен Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының ұйымдастыруымен «Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды әлеуметтендіру үдерісі» атты республикалық семинар өтті. Мақсат-республикалық арнайы білім беру ұйымдарының өзара іс-тәжірибе алмасу.


Аталған іс-шараның бірінші бөлімінде Түркістан қаласында орналасқан «Тілінде ауыр кемістігі бар балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернаты» ғимаратында тәрбиеленушілерінің қолөнер бұйымдары көрмесі мен арнайы білім беру ұйымының тыныс-тіршілігімен танысты.


Республикалық семинардың екінші бөлімі дөңгелек үстелмен жалғасты. Дөңгелек үстелде республикалық арнайы білім беру ұйымдары мен инклюзивті білім беруге жағдай жасаған мектептердегі ерекше білім беруді қажет ететін балалардың әлеуметтендіру мәселелері талқыланды.


Сонымен қатар, Түркістан облысының арнайы білім беру ұйымдарының педагогтары А.Сыздыкова Айнаш, А.Әбдуәлі, А.Ахметова, Р. Қосмамбетовалар ерекше білім беруді қажет ететін балаларды психологиялық-педагогикалық қолдаудың заманауи талаптары мен білім берудегі ерекшеліктері бойынша тәжірибелерімен бөлісті.


Семинарды Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығының директоры Кудеринова Айкерим Мерекеевна жүргізді. Аталған семинарға Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығының мамандары, «ВI Жұлдызай» Корпоративтік Қорының өкілдері, облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы, мамандары, республикалық арнайы білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтары, инклюзивті қолдау кабинеттерінің педагогтары қатысты. Семинарда ерекше білім беруді қажет ететін балаларға сапалы білім мен саналы тәрбие беру, әлеуметтендіру маңыздылығы талқыланды.