ТҮРКІСТАН: Ерікті жастар арқылы 2000-нан астам отбасы көмек алған

0
1 246

Демеушілер есебінен жалпы соммасы 27 422 051 теңгені құрайтын қаражатқа көмек көрсетілген.


ТҮРКІСТАН: Ерікті жастар арқылы 2000-нан астам отбасы көмек алған

Түлкібастық еріктілер Елбасының алғыс хатымен марапатталды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қазіргі таңда Түркістан облысы Түлкібас ауданында 1362 «Жас Отан» жастар қанаты мүшелері бар. 2020 жылдың 21 наурыз -15 маусым аралығында жүргізілген «Nur Otan» партиясының «Biz Birgemiz» акциясын жүзеге асыруда сол жастардың рөлі орасан зор болды. Мәселен, демеушілер есебінен жалпы соммасы 27 422 051 теңгені құрайтын қаражатқа 2314 әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға осы ерікті жастар арқылы азық-түлік себеттері жеткізілген. Яғни акцияның басынан бастап, соңына дейін талмай қызмет еткен жасотандықтардың қызметі ерекше болған.

Осыған орай, бүгін аудан әкімі Н.Байғұт елмен етене жүріп, аудан аумағын ағындағы коронавирус инфекциясымен күресте және тағыда басқа түрлі шараларда белсенділік танытып жүрген бір топ белсенді жастарды қабылдап, «Nur Otan» партиясының төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың алғыс хатымен марапаттады.

Атап өтсек, Елбасы, «Nur Otan» партиясының төрағасы Н.Ә. Назарбаев сын сағатта көмек қолын созған жастардың еңбегін атап өту мақсатында біршама жасотандықтарға «Алғыс хатын» жолдаған болатын. Елбасы алғыс білдірген жастар ішінде түлкібастық жастардың болғаны қуантарлық жағдай екенін айтқан аудан басшысы Нұрлан Мархабатұлы, белсенді жастарға ыстық лебізін білдіріп, әрқашанда қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.

«Ел болашағы білімді жастардың қолында»-демекші, қазіргі таңда аудандағы 14-29 жасқа дейінгі жастар саны 26086 құрап отыр. Оларға орта білім беру үшін ауданда барлық жағдай қарастырылған.