ТҮРКІСТАН: "Фараб" би ансамблі Мәскеуде өнер көрсетті

0
2 854

Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің қабылдауында және әлемнің 70-ке жуық елдері қатысқан "Навруз-2019" мейрамында "Фараб", "Аққу", "Томирис" биін билеген өнер ұжымы ресейліктердің ыстық ықыласына бөленді.


ТҮРКІСТАН:

Мәскеуде өткен Наурыз мерекесіне арналған салтанатты шараға Қазақстан Республикасы атынан Түркістан облысының "Фараб" би ансамблі қатысты - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.


Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің қабылдауында және әлемнің 70-ке жуық елдері қатысқан "Навруз-2019" мейрамында "Фараб", "Аққу", "Томирис" биін билеген өнер ұжымы ресейліктердің ыстық ықыласына бөленді.
"Ресейлік саясаткерлер, мәдениет қайраткерлері, сондай-ақ Мәскеуде тіркелген шетелдік дипломатиялық корпус пен халықаралық ұйымдардың басшылық құрамы қатысқан Наурыз мерекесі кең көлемде аталып өтті. Шараға қатысқан әр мемлекет ұлттық өнерлерін паш етті. Қазақстаннан барған өнер ұжымдарына жиынға қатысушылар айрықша құрмет көрсетіп, қала басшысының арнайы алғыс хатын табыс етті. Қазақстанның Ресейдегі Елшілігі мен орталықта өткен екі іс-шарада да түркістандық өнерпаздар ұлттық өнер нәрімен сусындатты",-деді "Түркістан" сарайы концерттік ұйымының директоры Нұрлан Әділханов.
Айта кетсек, құрылғанына жылдан асқан "Фараб" би тобы республикалық, халықаралық сахналарда өнер көрсетіп, Түркия Республикасының Бурса қаласында өткен XXXII "Алтын Қаракөз" Халықаралық би фестивалінде 23 мемлекеттің ішінен еліміздің намысын қорғап "ТҮРКСОЙ" Халықаралық ұйымының арнайы жүлдесіне ие болса, Түркияның Инегел қаласында өткен Мәдениет және өнер фестивалінде жүлделі бірінші орынды иемденген.