ТҮРКІСТАН: «Фараб» кітапханасында «Алаштың Сұлтанбегі» атты кеш өтті

0
300

Сұлтанбек Қожанұлының туғанына 130 жыл тол.


ТҮРКІСТАН: «Фараб» кітапханасында «Алаштың Сұлтанбегі» атты кеш өтті

«Фараб» кітапханасының ұйымдастыруымен «Алаштың Сұлтанбегі» атты ғылыми танымдық кеші өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облыстық «Фараб» кітапханасының ұйымдастыруымен мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, публицист, алаш ардақтысы - Қожанов Сұлтанбек Қожанұлының туғанына 130 жыл толуына орай «Алаштың Сұлтанбегі» атты ғылыми танымдық кеші өтті.


Шараны Түркістан облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары - Ержан Исатаев ашып берді.


Жиынға тарих ғылымдарының докторы, профессор - Хазретәлі Тұрсын, Түркістан қалалық ардагерлер алқасының төрағасы – Жарқынбек Құлбайымбетов, әліппетанушы, жазушы - Ділдәгүл Нұрмаханбет, Сұлтанбек Қожановтың немере інісі - Алтай Қоңқақов, Сондай-ақ, Түркістан қаласының Құрметті азаматы - Қыдырәлі Рысбеков, облыстық ақсақалдар кеңесінің мүшесі - Сұлтанмұрат Сыздықұлы, «Алпамыс» қоғамдық бірлестігінің төрағасы - Есенәлімұрат Ізтілеуов және Сұлтанбек Қожановпен аттас немере інісі – Сұлтанбек Қожанов сөз сөйледі.


Шара барысында патриоттық әндер мен «Балалар мен жасөспірімдер орталығы» көркемсөз үйірмесінің оқушылары тұлғаның өлеңдері мен арнауларын жұртшылық назарына ұсынды.

Шараға "Түркістан облысының қоғамдық-саяси тарихы архиві" ақпараттық қолдау көрсетіп, келушілерге құнды құжаттарды таныстырды.