ТҮРКІСТАН: «Farab» кітапханасында «Өзбекәлі Жәнібек» залы ашылды

0
581

Кітапхана ұжымы дайындаған «Арда туған Өзағаң» кітабының тұсауы шешілді.


ТҮРКІСТАН: «Farab» кітапханасында «Өзбекәлі Жәнібек» залы ашылды

Түркістан облыстық кітапханасында «Өзбекәлі Жәнібек» залы ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бүгін Түркістандағы облыстық «Фараб» кітапханасында мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, этнограф Өзбекәлі Жәнібеков атындағы оқу залы ашылды. Залдың ашылуында облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев пен зиялы қауым өкілдері, журналистер, оқырмандар және кітапханашылар қатысты.


Бұдан соң Ардагерлер кеңесінің төрағасы Жарылқасын Әзіретбергенов және Әжелер алқасының төрайымы Айғаным Серім бастаған оқырмандар залдың лентасын қиды. Келушілерге арнайы жасақталған мемориалды бөлме таныстырылды. «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінен және Отырар ауданды, Өзбекәлі Жәнібек атандағы лицей-интернатынан арнайы әкелінген құнды жәдігерлер келушілер назарына ұсынылды.


Тарих ғылымдарының докторы, профессор Хазіретәлі Тұрсынның модераторлығымен өткен конференция барысында қонақтар Өзбекәлі Жәнібек жайлы естеліктер айтты. Кітапхана ұжымы дайындаған «Арда туған Өзағаң» кітабының тұсауы шешілді.


Шара соңында «Отбасы хрестоматиясы» баспа үйінен шыққан «Өзбекәлі және мәдени майдан» кітабына арнайы түсірілген буктрейлер көрсетілді. Сондай-ақ осы іс-шараға ұйытқы болған кітапхана басшысы Жанат Шардарбекова келген қонақтарға алғысын білдіріп, алдағы уақытта Өзбекәлі Жәнібек залы оқырман игілігі үшін қызмет ететін жеткізді.