ТҮРКІСТАН: I, II мөлтек аудандарда абаттандыру жұмыстары жүргізіледі

0
413

Құрылыс жұмыстарына 40 адам және техникалар жұмылдырылған.


ТҮРКІСТАН: I, II мөлтек аудандарда абаттандыру жұмыстары жүргізіледі

Түркістан қаласындағы I және II мөлтек аудандардағы көпқабатты үйлер аумағында ішкі орамдық жылыту жүйелері жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Мердігер мекеме тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарды қырқүйек айының ішінде аяқтауға уәде берілген. Жалпы, құрылыс жұмыстарына 40 адам және техникалар жұмылдырылған. Жұмыс нәтижесінде тұрғындар орталық жылу жүйесіне қосылып, экологияның жақсаруына оң үлес қосады, қолайлы жағдай туындайды. Жалпы, мөлтек аудандарда 80 үй бар. Барлық үйдің биылғы жылу маусымында орталықтандырылған жылу қазандығына қосылуы жоспарланған. Сонымен қатар, тамыз айының соңына қарай абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, автотұрақ орнату істері де қарастырылуда.


Қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков «Астана строй ритм» мердігер мекемесінің қазіргі таңдағы жұмыстарын көру барысында алдағы жылу маусымына әзір болу үшін жұмысты ширатуды тапсырды. Сонымен қатар, қала көшелерін аралау барысында тазалық жұмыстарына назар салды. Нәтижесінде, әр сенбі күні әкімдік қызметкерлерінің «Түркістан – таза қала» акциясы аясында сенбілік жұмыстарын жүргізуді тапсырды.