Аталған сайтқа тіркелу қажет.
Жетісайда бизнестің локдауннан шығуына арналған InfoKazakhstan электронды платформасы іске қосылды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысы Жетісай ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында, аудан әкімді аппаратының басшысы Біржан Райымбековтың төрағалығымен INFOKAZAKHSTAN электронды платформасынының жұмыс жасау тәртібін кәсіпкерлерге түсіндіру мақсатында онлайн селокторлық жиналыс өтті.
Аталған селекторлық жиынға Жетісай ауданы "Атамекен" кәсіпкерлік палатасының басшысы Талғат Бапаев, Жетісай ауданы кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің басшысы Данияр Толыбаев, Жетісай ауданы ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысының міндетін уақытша атқарушы Тұрсынбеков Нұртас және ауыл әкімдері онлайн режимінде қатысты.
Аталған жиын барысында аппарат басшысы локдауннан шығу кезінде аудан кәсіпкерлерінің өз жұмыстарын бастау үшін аталған сайтқа тіркелу көрсеткіші төмен екендігін, бұлай кете берсе кәсіпкерлерге оңай болмайтынын, әрбір кәсіпкермен жеке жұмыс жасап, аталған олқылықтың орнын тездетіп реттеуді ауыл әкімдері және тиісті сала басшыларына тапсырды.
Айта кетейік, қазіргі уақытта облыс көлемінде жоғарыда атап өткен блокплатформаға қосылу беосенлі жүргізіліп жатыр. Бұл да цифрлық Қазақстанның даму жолындағы бір үдерісі болып есептеледі.