ТҮРКІСТАН: Инвесторлар томат пастасы өндірісін ашуға қызығушылық танытты

0
1 111

«Русагро» компаниялар тобы – Ресейдегі ең ірі агрохолдингтің бірі.


ТҮРКІСТАН: Инвесторлар томат пастасы өндірісін ашуға қызығушылық танытты

Инвесторлар Түркістаннан томат пастасы өндірісін ашуға қызығушылық танытты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Отандық әйгілі «Аллюр» компаниялар тобы» АҚ-ның төрағасы Андрей Лаврентьев, «АгромашХолдинг KZ» АҚ-ның төрағасы Александр Лаврентьев және ресейлік «РусАгро» компаниялар тобының» төрағасы Алексей Богатов Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеровпен Түркістанда томат пастасын өндіретін зауыт салу мәселелерін талқылады.


5 мың гектар жерді қамтитын томат пастасы өндірісі жылына 30 мың тонна өнім беруді көздейді. Инвестиция құны 130 млн. АҚШ долларын құрап, 3000 адамды тұрақты жұмыспен қамтымақ.


Кездесу аясында инвесторларға бос орындар көрсетіліп, облыс әкімінің орынбасары аталмыш жобаның облыс үшін аса маңызды екеніне тоқталып, Түркістанда жұмыс істейтін инвесторларға әкімдік тарапынан әрдайым қолдау көрсетілетінін айтты.


Айта кетейік, «Русагро» компаниялар тобы – Ресейдегі ең ірі агрохолдингтің бірі. «Русагро» қант өндірісінде, өсімдік шаруашылығында және май бизнесінде жетекші орын алады. Бірқатар инвестициялық банктердің нұсқасы бойынша «Русагро» компаниялар тобы ТМД-дағы ең тиімді және тез дамып келе жатқан компаниялардың бірі болып танылған.