Түркістан қаласында мемлекеттік қызмет мектебінің студенттеріне дәріс оқылды

0
1 257

Университет кітапханасының оқу залында өткен дәріске Мемлекеттік қызмет мектебіне қабылданған 20 студент пен оқу ұйымының ұжымдары қатысты.


Түркістан қаласында мемлекеттік қызмет мектебінің студенттеріне дәріс оқылды

Түркістан қаласында мемлекеттік қызмет мектебінің студенттеріне дәріс оқылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ аталған мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Ғ.Тұрсынбаев Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде жаңадан ашылған Мемлекеттік қызмет мектебінің студенттеріне алғашқы дәрісті оқыды.

Университет кітапханасының оқу залында өткен дәріске Мемлекеттік қызмет мектебіне қабылданған 20 студент пен оқу ұйымының ұжымдары қатысты.

Шара барысында Департамент басшысы мемлекеттік қызмет саласының басым бағыттары бойынша түсіндірме беріп, мемлекекеттік қызмет саласының тарихы мен қазіргі жағдайы және болашағы туралы айтып өтті.

Сондай-ақ, болашақ маман иелеріне мемлекет қызмет туралы толық ақпарат қамтылған жадынамалар таратылды.

Жиын соңында студенттер тарапынан тақырыпқа қатысты бірқатар сұрақтар қойылып, олар нақты жауаптар берілді.