ТҮРКІСТАН: «Қамқорлық» орталығынан 2 мыңнан астам тұрғын көмек алған

0
785

Қазіргі таңда оқу курстарына 112 тұрғын жазылған.


ТҮРКІСТАН: «Қамқорлық» орталығынан 2 мыңнан астам тұрғын көмек алған

Түркістанда жыл басынан бері қамқорлық орталығынан 2 мыңнан астам тұрғын көмек алған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістанда «Қамқорлық» жанұя орталығының жұмысы жандануда. Соңғы көрсеткіштерге сәйкес, орталықта жыл басынан бері 2260 тұрғынға қызмет көрсетілген. Оның 275-і тегін курстардан білім алса, қалған азаматтарға әлеуметтік, құқықтық, психологиялық көмек түрлері көрсетілген.


Бүгінде мекеме 11 сала түрінен курстар ұйымдастыруда. Одан бөлек, мемлекеттік грант алып, өз кәсібін ашқан көпбалалы ана, ерекше қажеттілігі бар бала бағып отырған аналарды да орталық жұмыспен қамтып, кәсібін дөңгелетуге көмек беруде.


Атап айтқанда, аспаз, кондитер, тігінші, қолөнер шебері жобалары арқылы мемлекеттік грант алған 11 ана бүгінде мекемеде өзі сияқты өзін-өзі жұмыспен қамтуға ниетті тұрғындарға сабақ өтуде. Кейбір оқытушылар өз командасын құрып, жаңа кәсіптік нысандарын ашуда.


Қазіргі таңда оқу курстарына 112 тұрғын жазылған. Олар аспаздық курсына – 23, тігіншілік курсына – 18, шаштараз кәсібін үйрену курсына 18 адам өтініш берген.


Сондай-ақ 29 адам сұлулық курстарынан (маникюр курсынан – 12, эстет косметологиясы курсына – 17) білім алса, 24 азаматша қолөнер бұйымдарын дайындауды үйренуде. Және де жартылай дайын кондитер өнімдерден тағам дайындау курсын – 25 тұрғын, сервистік қызмет көрсету курсын 20 азаматша үйреніп жатыр.