​ТҮРКІСТАН: Карантин режимі 25 мамырға дейін созылады

0
1 240

Қоғамдық орындар мен демалыс орындары, саябақтар жұмысын бастайды.


​ТҮРКІСТАН: Карантин режимі 25 мамырға дейін созылады

Түркістан облысында карантин режимі 25 мамырға дейін ұзартылды. Бұл ретте бірқатар шектеулер сақталады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов онлайн-брифингте мәлімдеді.

Атап айтқанда, көрші аймақтармен шекарадағы санитарлық блок-бекеттер жұмысын жалғастырады. Тұрғындарға қалааралық, ауданаралық және елдімекендер арасында қатынауға қойылған шектеу күшінде қалады.
Қоғамдық орындар мен демалыс орындары, саябақтар жұмысын бастайды.
Аталған шаралар Түркістан облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 10 мамырдағы N17 Қаулысымен бекітілді.