ТҮРКІСТАН: «Қарттар күні» қарсаңында қайырымдылық жасалды

0
819

30 ардагерге мерекелік сыйлық табысталды.


ТҮРКІСТАН: «Қарттар күні» қарсаңында қайырымдылық жасалды

Жетісайлықтар Халықаралық қарттар күні аясында қайырымдылық жасады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


«1 қазан – Халықаралық қарттар күні» және қазанның екінші жексенбісі «Қазақстан Республикасы мүгедектері күні» аясында Жетісай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен қайырымдылық шарасы өтті.


Асықата кентіндегі «Үміт ұясы» күндіз болу оңалту орталығында өткен шараға аудан әкімі Мұрат Болатұлы мен бөлім басшысы Әділхан Әбжанов қатысып, қазыналы қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарды айтулы мерекелерімен құттықтады. Дендеріне саулық, отбасыларына береке тілеп, қайыры мол іске демеушілік жасаған жандарға аудан басшысының, «Nur Otan» партиясы Жетісай аудандық филиалы төрағасы бірінші орынбасарының, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының атынан алғыс хаттар табыс етті.


Бөлім басшысы Әділхан Досыбайұлының берген мәліметінше бүгінде аудандағы 17 мыңға тарта зейнеткердің 1-і ҰОС ардагері болса, 514-і тыл ардагері. Ал, 7 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі жандардың 531-і І топ, 1851-і ІІ топ, 3161 азамат ІІІ топ мүгедектері болса, 18 жасқа дейінгі балалар саны 1344. Мұнан басқа 230 жалғызбасты мүмкіндігі шектеулі қарттар бар.


Айтулы шарада Асықата өңірінде тұратын 94 жалғызілікті қарттарға, 18 жастан асқан психоневрологиялық ауытқуы бар 120 мүмкіндігі шектеулі азаматтарға демеушілер есебінен азық-түлік себеттері таратылса, Асықата кенті әкімдігі мен кент ардагерлері кеңесінің ұйымдастыруымен тағы 30 ардагерге мерекелік тарту жасалды.


«Ардагерлер біздің асыл қазынамыз. Ол кісілерге қандай құрмет көрсетсек те жарасады. Биылғы елдегі епидахуалға байланысты біз мерекені ескерусіз қалдырмадық. Аудандағы жалғыз ілікті қарттар мен елдің дамуына еңбегі сіңген ардагерлерге азық-түлік себеттерін үлестірсек, Шымкент қаласындағы «№2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ тұрақты тұрып жатқан жетісайлық 5 қарияға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен демеушілер есебінен заттай сыйлықтар тарту еттік», - дейді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Әділхан Әбжанов.


Сондай-ақ, қазанның екінші жексенбісі «Қазақстан Республикасы мүгедектері күні» аясында ауданда жалпы 350 мүмкіндігі шектеулі азаматтарға азық-түлік себеттері үлестірілген.