ТҮРКІСТАН: Кәсіпкер қайырымдылық үшін дүкенін босатты

0
1 900

Түркістан қаласында ісмер азамат ел үшін жасалып жатқан игі бастаманы естіген жеке кәсіпкер сауапты іс жасап отыр.


ТҮРКІСТАН: Кәсіпкер қайырымдылық үшін дүкенін босатты

Түркістанда әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға тегін азық-түлік пен киім беретін дүкен ашылады – деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бұл бастаманы облыстық ақсақалдар алқасы мен қалалық қоғамдық келісім кеңесі қолға алып отыр. Қазіргі кезде ақсақалдар арнайы ғимаратты алып, ішін затқа толтырып тастаған. Ел үшін жасалып жатқан игі бастаманы есіткен жеке кәсіпкер қала орталығындағы дүкенін босатып беріпті. Ал, демеушілер азық-түлік пен, киюге жарамды киімдерін алып келіп берген.

"Біз мекемелер мен оқу орындары және жеке азаматтар тарапынан жасалған демеушілік заттарды қабылдаймыз. Тек киімдер жыртық немесе кір болмауы, ең бастысы киюге жарамды болуы қажет. Ал, ақшалай демеуші болған адамдардың қаржысына базардан заттар алып келіп дүкенге өткіздудеміз. Арнайы құрылған комиссия заттарды қабылдау ісі мен мұқтаж азаматтарға бөліп беру жұмыстарын атқарады" – дейді Облыстық ақсақалдар алқасының төрағасы Жарықасын Әзіретбергенов.