ТҮРКІСТАН: Кәсіпкер көпбалалы анаға үй сыйлады

0
1 014

Тұрмыстық техника да тарту етті.


ТҮРКІСТАН: Кәсіпкер көпбалалы анаға үй сыйлады

Ордабасы ауданында тұратын жалғызбасты анаға баспана кілті табысталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы Ордабасы ауданында тұратын жалғызбасты анаға баспана кілті табысталды. Демеушілік танытқан шымкенттік кәсіпкер Ғани Нұржігітов жаңа үйдің кілтін өзі арнайы келіп ұсынды. Екі қыз, үш ұлды тәрбиелеп отырған Мереке Үсенбаева атымтай жомартқа ризашылығын білдірді.


«Шыны керек, біз мұндайды күтпеген едік. Алла Тағаланың қалауымен баспаналы болып отырғаныма қуаныштымын. Барша ұйымдастырушыларға алғысым шексіз», - деді жаңа баспананың иесі.


Сонымен қатар, кәсіпкер жалғызбасты ананың отбасына тұрмыстық техника сыйға тартты. Игі істің бастамасшысы болған азамат кәсіпкерлерді жақсылық жасауға шақырды.