ТҮРКІСТАН: Кәсіпкерлерге грант алып беруге уәде еткен азаматтарға қылмыстық іс қозғалды

0
628

28 кәсіпкерді сан соқтырған.


ТҮРКІСТАН: Кәсіпкерлерге грант алып беруге уәде еткен азаматтарға қылмыстық іс қозғалды

Түркістан облысында 28 кәсіпкерді қайтарымсыз грант алып беремін деп сан соқтырған азамат ұсталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Өткен жылдың желтоқсан айында 28 түркістандық кәсіпкерді қайтарымсыз грант алып беремін деп сан соқтырған 1995 жылы туған Д. есімді азамат ұсталды. Алаяқтың арбауына іліккендердің әрқайсысына 700 мың мен 1,1 млн теңге көлемінде шығын келген. Бөтеннің қаржысын заңсыз, оңай жолмен иемденуді көздеген азамат қалалық полиция басқармасының қызметкерлерімен қолға түсті. Қазіргі таңда тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.


Бұдан бөлек, 1990 жылы туған Д. есімді азаматшаның алаяқтық бойынша ісі сот өндірісіне өткен. Жалпы былтыр қалалық полиция басқармасына алаяқтық фактісі бойынша 250-ге жуық қылмыстық іс тіркелген. Оның 48-і грант алуға жәрдемдесемін деген алаяқтыққа сеніп қалған жәбірленушілерден түскен арыз.


«Атамекен» кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлердің құқығын қорғау, тегін кеңес беру, бизнес жобалар әзірлеу мен сүйемелдеу бойынша қызмет көрсетеді. Ал, қайтарымсыз грант, жеңілдетілген несие құзыретті мекемелер арқылы беріледі. Жуырда Жетісай ауданында алаяқтар бірнеше кәсіпкердің электронды поштасына қайтарымсыз 5 млн теңге алу мақұлдануына байланысты жеке деректерін жолдауды сұрап хат жолдаған. Бұл істі полиция қадағалуға алып, міндетті түрде тиісті шара қолданылады», – деді Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Зухра Амирова.


Түркістан ҚПБ Криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі, полиция аға лейтенанты Нұртаза Алтанның айтуынша, соңғы уақытта интернет алаяқтықтыққа да алданған тұрғындар саны артқан. Құқық қорғау саласының қызметкерлері мүгедектікке шығаруға, атаулы әлеуметтік көмек тағайындалуына, мемлекеттік грант алуға көмектесемін немесе қандайда бір банк менеджерімін деп қоңырау шалған күдікті азаматтарға сенбеу керегін ескертеді.