ТҮРКІСТАН: Кәсіпкерлермен тұңғыш рет галстуксіз кездесу өтті

0
2 253


ТҮРКІСТАН: Кәсіпкерлермен  тұңғыш рет галстуксіз кездесу өтті

Түркістанда «Адал кәсіп-адал нәсіп» атты бағдарлама аясында ашық есік күні өтті - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Онда облыс әкімінің орынбасары Ербол Тасжүреков, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Ғалым Тұрсынбаев, облыстық «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасының директоры Олжас Қаржауов, мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Еркін Елшібеков және несиемен қаржыландыру мекемелерінің басшылары кәсіпкерлермен галстуксіз кездесіп, мәселелерін тыңдады.

Сонымен қатар, несиелендіру мекемелерінің жұмысы түсіндірілді, несие беру ережелері талқыланып, «Адал кәсіп-адал нәсіп» бағдарламасы бойынша 87785556030 WhatsApp желісіне шағымдар мен ұсыныстарды жолдауға болатыны айтылы.