ТҮРКІСТАН: Кәсіпкерлік субъектілердің берешегі 1 864,4 млн. теңгені құрады

0
978

Берешек көлемі 47%-ға төмендеген.


ТҮРКІСТАН: Кәсіпкерлік субъектілердің берешегі 1 864,4 млн. теңгені құрады

Кәсіпкерлік субъектілердің берешегінің ең төмен үлесі Түркістан облысына тиесілі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы бойынша кәсіпкерлік субъектілердің берешек сомасы – 1 864,4 млн. теңгені құрап, жыл басымен салыстырғанда 47%-ға төмендеген. Республика бойынша ағымдағы жылдың 1-тоқсан қорытындысымен кәсіпкерлік субъектілердің берешегінің ең төмен үлесі Түркістан облысына тиесілі. Бұл туралы бүгінгі брифингте Түркістан облысы Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Ерұлан Мырзатаев мәлімдеді.


«Сондай-ақ, ағымдағы жыл басынан жалпы сомасы 53,3 млн.тг. құраған 23 мүлік gosreestr.kz вэб-порталына енгізіліп, жалпы онлайн саудалау құны 73,5 млн.тг. құраған 6 мүлік сатылып, мемлекеттік бюджетке түсім қамтамасыз етілген. Әлеуметтік төлемдер бойынша берешек сомасы 235,9 млн.тг. құрап, ағымдағы жыл басымен салыстырғанда 539,3 млн.тг. немесе 70 % төмендетілуі қамтамасыз етіліп отыр», - деді Ерұлан Бахадүрұлы.


Облыс аумағында ағымдағы жыл басынан жалпы берешегі 265,1 млн.тг. құраған 11 борышкерге Қазақстан Республикасының «Салық кодексінде» көрсетілген жеңілдіктер ұсынылған, яғни міндеттемелерді төлеу мерзімін өзгерту және кейінге қалдыру әдістері қолданылған.