ТҮРКІСТАН: «Қасірет» мемориалында еске алу іс-шарасы өтті

0
845

103 мың адам қуғын-сүргінге ұшырап, олардың 25 мыңнан астамы атылған.


ТҮРКІСТАН: «Қасірет» мемориалында еске алу іс-шарасы өтті

Арыс қаласында Қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарын еске алу іс-шарасы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай, Арыс қаласындағы «Қасірет» мемориалында еске алу шарасы өтті. Оған қала әкімі Гүлжан Құрманбекова мен мәслихат хатшысы Амантай Байтанаев, қалалық ардагерлер ұйымының төрағасы Тәңірберген Әсіл, саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары мен қала тұрғындары және мектеп оқушылары қатысты.


Жиын аясында жазықсыз жапа шегіп, мерт болған жандарды еске алу үшін бір минут үнсіздік жарияланды. Содан кейін Арыс қаласының бас имамы Қажымұқан Қазыбаев марқұмдар рухына Құран бағыштады. Мәдениет үйінің өнерпаздары Ахмет Байтұрсынұлы жайлы сахналық қойылым көрсетті.


Тарихи маңызы зор шараға жиналғандар қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына арналған ескерткіш тақтасына гүл шоқтарын қойып тарқасты.


Айта кетейік, Қазақ жерінде зұлматты жылдары 103 мың адам қуғын-сүргінге ұшырап, олардың 25 мыңнан астамы атылған.


Бұл қазақ тарихына қара таңбамен жазылған қуғын-сүргіннің зардабы тұтастай бір ұлтты қуғынға ұшыратқан ұлы қасірет болатын. Мұндай еске алу шаралары бүгінгі ұрпақ үшін де, болашақ ұрпақ үшін де аса қажет. Оларды әрдайым еске алып, тағзым ету ұрпақтың парызы болып қала бермек.