Қазығұрт ауданының әкімі Т.Телғараев жуырда үшем босанғанЖадыра Әбдалиеваны құттықтай барып, бесік арба сыйлады.
Түркістан облысының Қазығұрт ауданының әкімі Төлеген Телғараев жақында ғана үшемді болған Әбиевтер отбасына құтты болсын айтып, сый сияпат жасады, деп хабарлайды ERNUR.KZ ақпарат агенттігі.
Аян, Саян, Аман есімді үшемге аудан басшысы арнайы бесік арба әкелді.
"Бала-біздің болашағымыз. Аян, Саян, Аман секілді үшемдер ауданның ғана емес, бүкіл елдің демографиялық ахуалын арттырады. Үшемнің денсаулығы мықты, болашағы жарқын болсын",- деді Қазығұрт ауданының әкімі Төлеген Телғараев.
Еске салайық, 23 қаңтар күні Түркістан облысы Қазығұрт ауданы, Қазығұрт ауылының 28 жастағы тұрғыны Әбдалиева Жадыра Заманқызы үшемнің анасы атанған болатын. Облыстық нөмірі бірінші перинатальды орталықта дәрігерлері мерзімінен ерте дүниеге келген үшемді кесар тілігі арқылы туғызған болатын. Денсаулық жағдайы қалыпқа келген үшем ақпанның он біріне перзентханадан шығарылып, отбасына қуаныш сыйлады.