Ауданда құрылыс жұмыстарының көлемі соңғы 3 жылда 31 пайызға өсіп, өткен жылы 9 млрд. теңгеден асты.
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды кезекті сапарында Қазығұрт ауданындағы тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Кездесуде Қазығұрт ауданында 2023 жылы жалпы өңірлік өнім көлемі 240 млрд. теңгеге жеткендігі айтылды. Шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 14 мыңнан асқан. Олардың өндірген өнім көлемі 117 млрд. теңгені құраған. Ауданда құрылыс жұмыстарының көлемі соңғы 3 жылда 31 пайызға өсіп, өткен жылы 9 млрд. теңгеден асты. Ауыл шаруашылығының негізігі капиталына 15 млрд. теңге инвестиция тарту жоспарланып, бүгінгі күнге нақты 1,5 млн. теңге ғана тартылған.
Облыс әкімі инвестиция тарту, ауыл шаруашылығы, құрылыс, білім салаларында жұмысты жандандыру жөнінде аудан әкімі мен басқарма басшыларына тапсырмалар берді. Сондай-ақ ауылдың жағдайын жақсарту үшін халықты бірлесе жұмыс істеуге және ауызбіршілікке шақырды.
Кездесуде Қазығұрт ауданының әкімі өткен жылғы атқарған жұмыстары мен және биылғы көрсеткеткіштер бойынша есебі тыңдалды.
Облыс әкімі аудан әкімінен өзекті мәселелердің шешілуі бойынша бірқатар тапсырмалар берді. Сондай-ақ тұрғындардың өтініштері мен сұрақтары тыңдалды. Мәселелер ашық айтылып, өткір сұрақтар қойылған кездесуде ауданның ауыз су, жол, денсаулық, жайылым жер және өзге де инфрақұрылымдық мәселелер айтылды. Ұсыныстар мен өтініштер хаттамаға енгізіліп, өңір басшысы тікелей бақылауында болатынын айтты.