Аудандық аурухананың бас дәрігері қиын кезде қол ұшын созған кәсіпкерге өз ризашылығын білдірді.
Түркістан облысы Қазығұрт ауданында жергілікті кәсіпкер Ерлан Досанбаев аудандық орталық ауруханаға 5 дана оттегі концентраторын тарту етті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
«Індеттің таралуына байланысты елдегі ахуал күрделеніп отыр. Науқастар ауруханаға көп келуде. Дәрігерлер күні-түні аянбай еңбек етіп жатыр. Құрылғының мүмкіндігі зор. Енді дәрігерлер емделушілерге оттегі концентраторының көмегімен уақытылы жәрдем көрсете алады» – деген аудандық аурухананың бас дәрігері Б.Ережепов қол ұшын созып жатқан кәсіпкерге өз ризашылығын білдірді.