ТҮРКІСТАН: ​Келес ауданында 400-ден астам абонентке таза ауызсу берілді

0
1 674

Бірлік ауылдық округіне қарасты Жаңатіршілік елдімекенінің тұрғындары енді алыстан су тасып сабылмайтын болады.


ТҮРКІСТАН: ​Келес ауданында 400-ден астам абонентке таза ауызсу берілді

Түркістан облысы, Келес ауданы, Жаңатіршілік елдімекеніне таза ауызсу берілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ел тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету – басты міндеттердің бірі. Міне, бүгінде "Star-stroi" ЖШС мекемесі 34 шақырымдық су құбыры желісінің құрылысын аяқтап, Бірлік ауылдық округі Жаңатіршілік елдімекеніне таза ауызсу жүйесін іске қосып отыр.
Келес ауданы әкімі Ақментай Есбаев арнайы Жаңатіршілік ауылының тұрғындарын келе жатқан мерекемен құттықтап, елді мекенге таза ауызсу беру салтанатына қатысты. Бірлік ауылдық округіне қарасты Жаңатіршілік елдімекенінің тұрғындары енді алыстан су тасып сабылмайтын болады.

«Құрметті Жаңатіршілік тұрғындары бүгін жаңа жыл мерекесіне орай ауылымызға «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша ауыз су берілді. Ағымдағы жыл Жаңатіршілікке асфальт жолдар түсті, енді міне ауыз су енді алдағы уақытта көгілдір отын қамтамасыз ету жоспарымызға енген»- деді Келес ауданы әкімі Ақментай Үсенұлы.


Қазіргі таңда Жаңатіршілік елдімекенінде 1836 адам қоныстанған. Жалпы елдімекен бойынша 404 абонент таза ауызсумен қамтылған болатын, тұрғындардың сұранысына байланысты мердігер мекеме қосымша тағы 40 абонентке таза ауызсу жүйесін жүргізіп беріп отыр.