ТҮРКІСТАН: Келесте «Бір терезе» қағидасымен 65 жоба қаржыландырылды

0
1 015

Ал рұқсат құжаттарын рәсімдеу бөлімінде азаматтарға 850 кеңес беріліп, 69 қызмет көрсетілген.


ТҮРКІСТАН: Келесте «Бір терезе» қағидасымен 65 жоба қаржыландырылды

Келесте өткен жылы «Бір терезе» қағидасымен 65 жоба қаржыландырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Келес ауданында «Turkistan» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының Келес аудандық филиалы «Бір терезе» қағидасы бойынша кәсіпкерлерге қызмет көрсетіп келеді. Өткен жылы аталған орталықтың консалтинг бөліміне 285 адам келіп, оларға 1425 кеңес берілген. Ал рұқсат құжаттарын рәсімдеу бөлімінде азаматтарға 850 кеңес беріліп, 69 қызмет көрсетілген. Филиалдың жобаларды сүйемелдеу бөліміне 93 жоба жасалып, 65 жоба сүйемелденген.


Биылдан бастап өз кәсібін дамытуға, жаңадан кәсіп бастауға ниетті аудан кәсіпкерлеріне арналған 7 түрлі жеңілдетілген несие бағдарламасы іске қосылды. Олар «Кең дала» бағдарламасы – 5%, «Жастар» бағдарламасы – 2,5%, «Ауыл аманаты» бағдарламасы – 2,5%, «Бизнестің жол картасы – 2025» – 7%, «Қарапайым заттар эканомикасы» – 5%, «Агро бизнес» бағдарламасы – 7% және тың жобаларды жүзеге асырмақ болған азаматтарға мемлекетік гранттар, жеңілдетілген несие алуға мүмкіндіктер қарастырылған. Бұл туралы «Turkistan» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының Келес аудандық филиалының директоры Айнұр Муталиева баяндады.


Айта кетейік, «Turkistan» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының Келес аудандық филиалында қаржыландырушы компаниялардың өкілдері мен ұлттық дамыту институттары ашылған. Яғни, осында келген кәсіпкер «бір терезе» қағидасына қатысты сұрақтарының барлығына жауап ала алады.