ТҮРКІСТАН: Келесте кәсіпкерлік саласындағы мәселелер талқыланды

0
441

Күн тәртібінде 3 мәселе қаралды.


ТҮРКІСТАН: Келесте кәсіпкерлік саласындағы мәселелер талқыланды

Келесте кәсіпкерлік, жер және әлеуметтік саладағы мәселелер талқыланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Келес ауданы әкімінің орынбасары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссия төрағасының орынбасары Сексенбаев Алмас Икрамұлының қатысуымен 2023 жылдың 1 шілдесінде аудан әкімдігі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның ІІ тоқсанға арналған отырысы өтті. Комиссия отырысына аудандық дербес бөлімдер, ауыл және ауылдық округі әкімшілігі, аудандық полиция бөлімі, аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі қызметкерлері қатысты.


Бекітілген жоспарға сәйкес, Комиссия отырысының күн тәртібінде 3 мәселе қаралды. Атап айтқанда, Келес ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі, Келес ауданының жер қатынастары бөлімі және Келес ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2023 жылдың І жартыжылдығының қорытындысымен бөлімдегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы атқарған жұмыстары қаралды.


Комиссия отырысының қорытындысы бойынша дербес бөлім басшыларына, ауыл және ауылдық округі әкімдеріне өз құзыреті шеңберінде өздеріне жүктелген міндеттерді тиісінше атқаруды және сыбайлас жемқорлық көріністеріне ықпал ететін себептерді болдырмау жөнінде күн тәртібіндегі қаралған мәселер бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берілді.