ТҮРКІСТАН: Келесте көпбалалы аналар саны 13 мыңнан асты

0
781

Әрбір отбасында кемінде төрт-бес баладан бар.


ТҮРКІСТАН: Келесте көпбалалы аналар саны 13 мыңнан асты

Келесте 13 мыңнан астам көпбалалы отбасы бар, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Келес ауданында көпбалалы аналардың саны 13 мыңнан асқан. Оның 1 678-і «Алтын алқа» иегері болса, 3 547-сі «Күміс алқа» иегері. Бүгінде аудандағы көпбалалы отбасының бірі Бірінші мамыр ауылында тұратын Көштаевтар әулеті. Ақылбек ақсақал мен Идоят апа 42 жыл отандасып, жеті перзентінен 21 немере сүйіп отыр. Бес келіні де көпбалалы ана атанған.


Келес аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Гүлнұр Құралбаеваның айтуынша, соңғы бес жылда аудан халқының саны күрт өскен. Сондай-ақ, аудандағы аналардың басым көпшілігі көпбалалы болуға ден қойған. Әрбір отбасында кемінде төрт-бес баладан бар.


Айта кетейік, өңірде өткен жылы көпбалалы аналардың саны 145 мың болса, биыл 183 мыңға жеткен. Оның ішінде 60 мыңнан астамы «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегері атанып отыр.