ТҮРКІСТАН: Келесте мансап орталығы ашылды

0
742

Жұмыспен қамту бағытындағы қызметтерді атқарады.


ТҮРКІСТАН: Келесте мансап орталығы ашылды

Келес ауданында мансап орталығы ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап облыс орталықтары мен ірі қалаларда еңбек мобильділігін қамтамасыз ететін 20 орталық құрылмақ. Ал, бұған дейін жұмыс істеп келген халықты жұмыспен қамту орталықтары енді мансап орталықтары болып қайта құрылады. Осы орайда Келес аудандық халықты жұмыспен қамту орталығы мансап орталығы болып қайта құрылып, жұмысын жалғастырады.


«Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің тапсырмасымен, республика бойынша халықты жұмыспен қамту орталықтары таратылып, мансап орталықтарының ашылуына орай, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке құжат қабылдау күні ағымдағы жылдың 4 шілдесінен басталатындығын хабарлаймыз», - деді Келес ауданы әкімінің орынбасары Алмас Сексенбаев.


Жаңадан құрылған еңбек мобильдік орталықтарының негізгі қызметі - жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты талдау, болжау негізінде өңірдің еңбек ресурстарының теңгерімін қамтамасыз ету; өңірлік жұмыспен қамту карталарын әзірлеу және оларды жергілікті жерлерде іске асыруды үйлестіру; жұмыспен қамтудың барлық мемлекеттік бағдарламалар мен жеке бастамалар шеңберінде ашылатын жұмыс орындарының құрылуына мониторинг жасау; жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында азаматтардың ерікті көшіқонына жәрдемдесу және азаматтарды көшіру бағдарламаларын өңірлік деңгейде үйлестіру; жұмыс іздеуші ретінде жүгінген және жұмыссыз адамдарды тіркеу; халықты, жергілікті атқарушы органдарды және уәкілетті мемлекеттік органды өңірлік еңбек нарығының жай-күйінен туралы хабардар ету.