ТҮРКІСТАН: Келесте мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасалып жатыр

0
2 727

​Келес ауданы бойынша жалпы 3690 мүгедек тіркелген.


ТҮРКІСТАН: Келесте мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасалып жатыр

Түркістан облысы, Келес ауданыда 54 мүмкіндігі шектеулі азаматқа мүгедектерді оңалту орталығына жолдама берілген, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Келес ауданы бойынша жалпы 3690 мүгедектердің саны тіркеліп, соның ішінде 1-топ 2-топ мүгедегі - 1660, 3-топ мүгедегі - 1364 азамат, 16 жасқа дейін - 689 мүмкіндігі шектеулі балалар барлығы анықталып, мүгедектерді оңалту орталығына жолдама алу үшін 9 айына 62 мүмкіндігі шектеулі азаматтардан өтініштер қабылданып, 54 мүмкіндігі шектеулі азаматтар Шымкент қаласына жолдамамен қамтылды.

Медициналық әлеуметтік сараптама бөлімдерінің мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жеке оңалту бағдарламаларына сәйкес, аудан құрылғалы бері 409 мұқтаж мүмкіндігі шектеулі азамат тіркеліп, 394 мүмкіндігі шектеулі азамат 9 айдың қорытыныдысымен ересектерге және балдарға арналған гигиеналық құралдар берілді. Қазіргі таңда, жаңадан еңгізілген міндетті гигиеналық құралдармен сурдо-тифло құралдарын және протез ортопедиялық құралдармен қамтамасыз ету мақсатында мұқтаж мүмкіндігі шектеулі азаматтар жеке оңалту бағдарламасына сәйкес құралдар таратылып берілетін болады.

Сауықтыру орындарына жолдама алуға 927 зейнеткер азаматтар тіркеліп, 444 зейнеткер азаматтарға жолдамалар берілді. Сауықтыру орындарына жолдама алуға 672 мүмкіндігі шектеулі жандар тіркеліп оның ішінде 389 азаматтарға жолдамалар берілді. Сурдо-тифло құралдарын алуға - 47 мүмкіндігі шектеулі жандар өтініш қабылданды. Құлағы естімейтін саңырау 12 мүмкіндігі шектеулі жандар есту аппараттарын алуға өтініштері қабылданып, алдағы уақытта жолдама арқылы жіберіледі. Протез-ортопедиялық құралдарын алуға 213 адам өтініш білдіріп, бүгінгі таңға 238 мүмкіндігі шектеулі жандарға Шымкент қаласындағы «Көгершін» ортопедиялық орталығына жолдамалар берілді.

Инво және әлеуметтік такси қызметін алуға 90 азаматтар өтініш беріп тіркеліп толығымен қызмет алуда. Арба алуға мүмкіндігі шектеулі азаматтар тарапынан барлығы 68 өтініш тіркелген. Жергілікті бюджеттен қаржы қаралып 68 арбалар алынып, 59 мұқтаж азаматтарға арба таратылып берілді. Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын 132 мүмкіндігі шектеулі баланың әрқайсына оқуға арналған құрал саймандар алуға айына 2 айлық есептік көрсеткіштен (5050 теңге) жәрдемақы төленуде. Аудандағы әлеуметтік салада кемшіліктерді болдырмау және алдын алу мақсатында бөлімнің жоспары құрылып, алдағы уақыттада тиісті жұмыстарды сапалы атқаруға, және халыққа қызмет ету жұмыстарын әрі жетілдіретін болады.