ТҮРКІСТАН: Келесте жылыжай шаруашылығы қарқынды дамуда

0
1 460

Келес ауданы бойынша жалпы 67,53 га жерге жылыжай кешендері құрылған.


ТҮРКІСТАН: Келесте жылыжай шаруашылығы қарқынды дамуда

Түркістан облысы, Келе ауданында биылғы жылдың жылыжай өнім көлемі 6195,4 тоннаны құрап отыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгінгі таңда Келес ауданы бойынша жалпы 67,53 га жерге жылыжай кешендері құрылған. 2019 жылы 12 га жерге жылыжай салу жоспарланса, бүгінде 10 га жерге жылыжайлар салынып, іске қосылған. Жылдың соңына дейін жалпы 74 га жерге жылыжай салынып жоспар толық орындалатын болады. Жылыжай кешендерінен жалпы аудан бойынша 6195,4 тонна өнім өндірілген. Аудан бойынша 43,65 га жерден жалпы өнімі 4365 тонна құрайтын қызанақ алынса, 21,88 га жеріден 1750,4 тонна қияр алынған. Ал, 2 га жерге құлпынай егіліп одан 80 тонна өнім өндірілген.

Келес ауданы Ақтөбе а/о – 8,52 га, Біртілек а/о – 28,21 га, Қошқарата а/о – 14,76 га, Алпамыс батыр а/о – 8,71 га, Жүзімдік а/о – 1,02 га, Ошақты а/о – 4,18 га, Бірлесу – 1,0 га, Ұшқын а/о – 0,48 га, Абай ауылы – 0,65 га жерде жылыжай кешендері орналасқан.

Біртілек ауылдық округінде орналасқан «Нұржан» шаруа қожалығының төрағасы Умаров Нұржан 4,0 га жерге өндірістік жылыжай салу үшін құрылыс жұмыстарын жүргізуде.

Одан бөлек Қазақстандағы ең ірі жылыжай кешенін салынуда. «ECOCULTURE-EURASIA» ЖШС Келес ауданының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасының индикаторлар көрсеткіштерінде Келес ауданы, Бірлік ауылдық округі аумағынан 500 гектар жер учаскесіне инвестор есебінен жалпы құны 1,1 млрд долларды құрайтын өнеркәсіптік жылыжай кешені құрылысын 2019-2025 жылдар аралығында іске асырылу жоспарланған.