ТҮРКІСТАН: Келестік мұғалім авторлық бағдарлама дайындады

0
913

Тақырыптық жоспар мен қысқа мерзімді жоспарлар толық берілген.


ТҮРКІСТАН: Келестік мұғалім авторлық бағдарлама дайындады

Келесте ауыл мұғалімі инклюзивті білім беру бойынша авторлық бағдарлама жазды , деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Сөйлеу мен интеллектуалды дамудың өзара байланысы білім беру мекемелерінде сабақтарда жарқын көрініс табады. Ал инклюзивті білім беруде болса тілдің құрылымын көрсететін және оқушылардың сөйлеу құзыреттілігін дамыту өзекті мәселе болып табылады. Осы мәселені шешу мақсатында Келес ауданының №39 Л.Жолдасов атындағы жалпы білім беретін мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Алтынай Асилбекова «Орыс тілі сабақтарында инклюзивті білім берудің өзекті мәселелері» тақырыбында авторлық бағдарлама жазды.


«Инклюзивті сыныптарда сабақ беру кез-келген мұғалімнен үлкен тәжірибені талап етеді. Ал тілді үретуде балалардың лексикасы мен фразеологиясының негізгі стилистикалық ресурстарын, орыс әдеби тілінің негізгі нормаларын орфоэпиялық, лексикалық, грамматикалық, орфографиялық, пунктуациялық, сөйлеу этикетінің нормаларын меңгеруі үшін қарапайым сабақ өту жеткіліксіз. Сондықтан бұл авторлық бағдарлама барлық мұғалімдерге әсіресе жас мамандарға көмекші құрал болады деген сенімдемін», - дейді мектеп мұғалімі.


Білікті педагог орыс тілі сабақтарында оқушылар әдеби тіл нормалары мен сөйлеу этикетінің ережелері туралы түсінік алып ғана қоймай, өзара қарым-қатынаста коммуникативті құзыреттілік қалыптастыру маңызды дейді. Айта кету керек Алтынай Садуакасовнаның авторлық бағдарламасында күнтізбелік тақырыптық жоспар мен қысқа мерзімді жоспарлар толық берілген.