ТҮРКІСТАН: Келестіктер кештен таңға дейін шегірткеге қарсы күрес жүргізіп жатыр

0
562

Мамандар мен тұрғындар күш біріктірген.


ТҮРКІСТАН: Келестіктер кештен таңға дейін шегірткеге қарсы күрес жүргізіп жатыр

Келес ауданында шегірткеге қарсы күрес жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Келес ауданында жайылымдық және шабындық жерлерді зиянкестерге қарсы дәрілеу жұмыстары жүргізілуде. Жауапты мекемелермен келісім жасалып, химиялық қоспалар да сатып алынған.


«Келес ауданының Бозай және Жамбыл ауылдық округі аумақтарында шегірткенің көбеюіне байланысты 6 күннен бері кеш батқаннан таң атқанға дейін мамандар мен ауыл тұрғындары берігіп жұмыс жүргізуде. Бүгінгі күнге дейін 400 литр шамасында дәрі-дәрмек жұмсалды. Қазіргі таңда қолда 130 литр дәрі бар. Күніге күндіз анықтап, түнде дәрілеу жұмыстары жүргізіліп жатыр»,- деді Келес аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Мадияр Әшірбаев.


Айта кетейік, қолданылатын препараттар ҚР аумағында пайдалануға рұқсат етілген және тұрғындарға, жануарлар мен құстарға зияны жоқ болып саналады.