ТҮРКІСТАН: Кеңес Одағының батырына арналған ескерткіш-бьюст ашылды

0
1 471

Лукац-Крейц қаласының іргесінде болған кескілескен шайқаста асқан ерлікпен қаза тапқан.


ТҮРКІСТАН: Кеңес Одағының батырына арналған ескерткіш-бьюст ашылды

Мақтааралда Кеңес одағының батыры Жолдыбай Нұрлыбаевтың ескерткіш-бьюсті ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Мақтаарал ауданы Ж.Нұрлыбаев ауылдық округіне қарасты Өнімкер ауылында Кеңес Одағының батыры Жолдыбай Нұрлыбаевтың ескерткіш-бьюсті ашылды. Еңселі ескерткішті тұрғызуға ауылдың тұрғыны, ардагер Сейдулла Молдабеков бастама көтерген. Іс-шарада сөз сөйлеген аудан әкімі Бақыт Асанов батырларымыздың ерлігін ешқашан ұмытпай кейінгі буынға үлгі тұту мақсатында осындай ескерткіштердің ауданымызда көптеп бой көтеруі маңызды екенін атап өтті.


"Ерлік – елге мұра, ұрпаққа үлгі. Сұрапыл соғыс кезіндегі аға буынның қайсарлығы мен төзімділігі бүгінгі ұрпақтың санасынданағыз Отансүйгіштіктің үлгісі болып қала бермек. Міне, бүгін Кеңес Одағының батыры, соғыс ардагері Жолдыбай Нұрлыбаевтың ескерткіш-бьюстінің ашылу салтанатына жиылып отырмыз.Еңселі ескерткіш көңілдеріңізге нұрлы шуақ ұялатып, жарқын қуаныштар әкелсін!" - дейді Бақыт Насырханұлы.


Айта кетейік, Ж.Нұрлыбаев 1941 жылы қызыл армия қатарына шақырылып, 5-Армияға қарасты 507-танкіге қарсы армиялық истребитель артиллериясының Кишинев полкы құрамында батарея командирі болып, Сталинград, Оңтүстік, 3 және 4-Украин, 1-Белорус майдандарында ұрысқа қатысып, Лукац-Крейц қаласының іргесінде болған кескілескен шайқаста асқан ерлікпен қаза тапқан. Батыр Ленин, Қызыл Ту, 2-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен және медальдармен марапатталған.