ТҮРКІСТАН: Кентау қаласында 12 216 гектар жерге мақта шиті себілген

0
1 994

Кентауда «Түркістан» деп аталатын мақтаның жаңа сортының сапасы туралы семинар өтті.


ТҮРКІСТАН: Кентау қаласында 12 216 гектар жерге мақта шиті себілген

Кентау қаласына қарасты Қарашық ауылдық округінде «Тұран» шаруа қожалығының егістік алқабында мақтаның «Түркістан» жаңа сорты және мақтаның қатар аралығын жиілетіп егу мақсатында өнімділікті ұлғайту тақырыбында семинар өткізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Семинарда алғы сөзді алған Түркістан облысы ауылшаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Тұрғынбек Оспанов пен Кентау қаласы әкімінің орынбасары Бекайдар Алимбетов диқаншылардың еңбегіне тоқталып, «Түркістан» деп аталатын мақтаның жаңа сортының сапасы туралы атап өтті. Сонымен қатар, диқаншылықта еңбегі орасан азаматтар қала әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды. Жиынға Семинарға шаруақожалық иелері мен ғалымдар, ауыл тұрғындары қатысты.

Жалпы Кентау қаласында 12 216 гектар жерге мақта шиті себілген. Бүгінгі таңға шаруалар өткен жылы орташа есеппен мақтаның әр гектарынан 25-29 центнерден өнім жинаса, биыл да осы көрсеткіштен төмен болмайды деп болжам жасап отыр. Енді бірер күнде Кентау қаласына қарасты барлық ауылдық округтерде жаппай мақта терімге жұмысқа кіріспек. Әзірдің өзінде «ДжонДир» мақта теретін комбайндардың техникалық дайындықтары пысықталып, жұмыс жасауда. Бүгінде мақта қабылдау бекеттеріне 250 тоннадан астам ақ алтын келіп түскен болса, диқандар терім біткенше 32 мың тонна ақ ұлпа жинап алуды көздеп отыр. Сонымен қатар, ақ алтын жинауға арналған қабылдау бекеттері іске қосылуда.

"Түркістан" аталатын сортты ауыл шаруашылығы саласының мамандары мақтаның сұрыпталған сорттарымен салыстырғанда әлдеқайда ұзын. «Түркістан» мақтаның ең сапалы тұры болып саналады. Енді түркістандық кәсіпорындар жергілікті мақта-мата өндіріс орындарын сапалы шикізатпен қамтамасыз ете алады.

Айта кетейік, Тәуелсіздік алғанға дейін біздің елімізде мақтаның отандық сорты болмаған. Бүгінде осы жұмыспен арнайы институт айналысады. Мұндағы ғалымдар соңғы жылдары 30-дан астам инновациялық технология жасап, өндіріске ендірді.
Мақта талшығы осы өсiмдiктiң беретiн негiзгi шикiзаты болып табылады. Шиттi мақтада 30-38% талшық, 50-56% шит болады, ал, шитте 18-22% мақта майы бар. Одан 20-дан астам түрлi дайын бұйымдар шығаруға болады.