ТҮРКІСТАН: Кентауда 19 көшеге асфальт төселеді

0
527

Қыру жұмыстары басталып кетті.


ТҮРКІСТАН: Кентауда 19 көшеге асфальт төселеді

Кентау қаласындағы көшелерде жол жөндеу жұмыстары басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Биылғы жоспарға сәйкес, Кентау қаласындағы көшелерде жол жөндеу жұмыстары басталды.


Шаһардағы Төле би және Әл-фараби көшелерінің қиылысындағы 480 м құрайтын жол көлік қатынасына қайта ашылатын болады. Қазіргі таңда, аталған көшеде қыру жұмыстары басталып кетті.


Қала әкімі Жандос Тасов сала мамандарымен бірге жол құрылысы нысандарының бірқатарын аралап, жұмыс барысын бақылады.


Сонымен қатар, қаладағы И.Тайманов, Н.Камалов, Ш.Құдайбергенов көшелерінде де қыру жұмыстары бастау алған. Қала әкімі тиісті мердігер мекемелерге жұмысты уақытылы әрі сапалы атқаруын тапсырды. Әкім әр құрылыс өзінің жеке бақылауында болатынын атап өтті.


Жалпы, биыл Кентау қаласындағы 19 көшеге құрылыс жұмыстары жүргізіліп, асфальт төселетін болады. Сондай-ақ осы жылы қаланың барлық көшелерін толық жарықтандыру жоспарланған.


Еске сала кетсек, өткен жылы Кентауда және қалаға қарасты елдімекендерде 53 көше жөндеуден өтті. Нәтижесінде қаладағы ішкі жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайы 86,7%-ға жетті.