ТҮРКІСТАН: Кентауда ​"Алтын күз-2019" ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтті

0
2 390

Тауар бағасы базар бағасынан 10-15 теңгеге арзан сатылды.


ТҮРКІСТАН: Кентауда ​

Түркістан облысы, Кентау қаласында қала әкімдігінің ұйымдастыруымен "Алтын күз" шарасы ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ең алдымен ауылшаруашылық өнімдері сатылған жәрмеңкеден бастау алды. Шара барасында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі түрлі көкөністер орналастырып арзандатылған бағада жәрмеңкеге келген қонақтарға үйлестірді. Мұндағы тауар бағасы базар бағасынан 10-15 теңгеге арзан сатылды. Жәрмеңкеде Кентау қаласына қарасты ауыл және ауылдық округінің шаруақожалықтары өнімдерін сатылымға шығарып отыр.

Кентау қаласы Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайында "Алтын күз-2019" атты концерттік бағдарламалар ұйымдастырылды.

Сондай-ақ іс-шара барысында Кентау қаласының әкімі Даурен Махажанов сөз сөйлеп, ауыл шаруашылығы саласының үздіктерін марапаттады. Экономикаға серпін беретін жобалардың арқасында Кентау қаласында ауылшаруашылық құрылымдары ағымдағы жылы 47 миллиард теңгенің өнімдерін өндірді. Биыл 48 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілген. 1400 гектар жер тамшылатып суғару әдісімен игерілді. 22 гектар жылыжайдан өнім алынуда.

Қала әкімі Даурен Сабитұлы "Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз жолдауында 2022 жылға дейін еңбек өнімділігін 2 жарым есеге өсіру жаңа инновациялық технологиялармен жаңа әдістерді ендіре отырып жұмыс сапасын арттыруды тапсырған. Сол әдістерді қолдана отырып біз ауылшаруашылық өнімділігін дамытуымыз керек"-деді. Елбасымыздың ауыл шаруашылығы саласында озық технологияларды пайдалану туралы тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Естайұлы Шөкеевтің бастамасымен ауыл шаруашылығы саласына жаңбырлатып суғару технологиясын енгізу бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Бұл әдіс арқылы шаруалар ағын суды үнемдеп қана қоймай, өнім көлемін де арттыруға ықпал етуде. Кентау қаласындағы ауылшаруашылық бойынша өткен жылмен салыстырғанда өндірілген өнім көлемінің барлық түрі артқан.